Астананың кәріз жүйесіне жауап беретін басшысы қызметінен босатылды

7 Тамыз 2023, 22:48
715
Бөлісу:
Астананың кәріз жүйесіне жауап беретін басшысы қызметінен босатылды
Фото: gov.kz

Бұл туралы Астана әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаланың нөсерлі кәріз жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі және салдарынан кейбір учаскелерді су басқаны үшін «Elorda eco system» директоры Тимур Шоданов қызметінен босатылды.

Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Elorda eco system» алдына жер үсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шаралар жүргізу міндеті қойылды: коллекторлар мен жаңбыр суын қабылдағыштарды тазарту, құбырларды булау, нөсерлі кәріз желісінің қуатын ұлғайту және т.б.

2023 жылы жер үсті ағын суын бұру үшін 2,5 км магистральдық нөсер кәріз желісін салу жоспарланып отыр. Мәселен осыған дейін 200-ден астам проблемалы учаскеде су тасқыны мәселесі шешілген болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Астана көшелерін жаңбыр суы басып, тазарту жұмыстарына 100-ден астам техника жұмылдырылған еді.

Өзгелердің жаңалығы