Астананың елтаңбасы мен туын өзгерту ұсынылды

21 Қыркүйек 2022, 11:04
1138
Бөлісу:
Астананың елтаңбасы мен туын өзгерту ұсынылды

Депутаттар елорда елтаңбасы мен туын өзгертуді ұсынды, деп хабарлады BAQ.KZ қалалық мәслихатқа сілтеме жасап.

Жоба бойынша жария талқылау төртінші қазанға дейін жалғасады. Жобада авторлар Астананың туы мен елтаңбасын өзгертуді ұсынып отыр.

Елорда мәслихатында 2019 жылдың мамыр айында бекітілген Нұр-Сұлтан символдарын сипаттамаға сәйкес келетін жаңа рәміздерге ауыстыруды ұсынып жатыр.

Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының, «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығының негізінде, Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасын және оларды пайдалану тәртібін сәйкестендіру қажет, – делінген мәслихаттың түсіндірмесінде.

Өзгерту жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды 

Өзгелердің жаңалығы