Астананың әкімі мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті

14 Шілде 2023, 16:15
687
Бөлісу:
Астананың әкімі мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті
Фото: Ж.Қасымбектің Instagram парақшасынан

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті. Бұл туралы қала әкімі өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала тұрғындардың өмір сүруі үшін қолайлы болуы керек. Біз осы мақсатта, сол сияқты ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бұл бағытта бізді үлкен жұмыс күтіп тұр, - деп жазды елорда әкімі.

Ол елордадағы мүмкіндігі шектеулі жандармен кездескенін, кездесуде бірқатар мәселелерді талқылағанын, оның ішінде: оңалту орталықтарының желісін кеңейту, медициналық көмек көрсету, қалалық орта мен қоғамдық көліктің қолжетімділігі, инватакси қызметтерімен қамтамасыз ету, мүгедектер арбасын сатып алу және т.б.  сынды маңызды мәселелерді талқылағанын айтады.

Жүйелі мәселелер – медициналық ұйымдар мен инватакси санының артуы. Мәселен жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында әлеуметтік нысандар (оның ішінде оңалту орталықтары да бар) ашамыз. Сондай-ақ биыл инватакси санын 2 есе арттырдық. Дегенмен бұл да жеткіліксіз. Сол себепті ерекше қажеттілігі бар қала тұрғындарымен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдарға жағдай жасау үшін бар күшімізді саламыз. Кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды, - деп жазды елорда әкімі.

Өзгелердің жаңалығы