Астаналықтар 5 млрд теңгенің тегін дәрі-дәрмегімен қамтылды

31 Мамыр 2023, 13:06
648
Бөлісу:
Астаналықтар 5 млрд теңгенің тегін дәрі-дәрмегімен қамтылды
Фото: Артём Чурсинов

Астаналықтар 5 млрд теңгенің тегін дәрі-дәрмегімен қамтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» елордалық филиалы таратқан мәліметке сәйкес, 30 сәуірдегі жағдай бойынша Астана қаласында 127 791 пациент 319 007 тегін рецепт бойынша 4 млрд 950 млн теңге сомасына тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді.

Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Оның ішінде: тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемінде (ТМККК) 4,5 млрд. теңге сомасына 290 488 тегін рецепт бойынша 115 973 пациент, МӘМС есебінен 319,1 млн теңге сомасына 20 531 тегін рецепт бойынша 13 288 ересек пациенттер мен 129,3 млн теңгеге 5397 бала 7988 тегін рецепт бойынша дәрі-дәрмек алды.

Олардың ішінде МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтылған балалар: Жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 738 бала және төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 1834 бала; Теміржетіспеушілігі анемиясымен - 270 бала; Рахит ауруымен 68 бала; Пневмониямен 322 бала; Синуситпен/ бадамша безі (миндалин) және аденоид ауруларымен 108 бала. Сарапшыларымыз медициналық қызметтің қолжетімді болуы және оның сапасының жақсаруы үшін, яғни пациент құқығы сақталуы үшін тұрақты жұмыс жүргізеді, – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ елорда филиалы директорының орынбасары С. Болысбекова.

Амбулаториялық қамтамасыз ету бұйрығына сәйкес, емхана дәріханаларында антибиотиктер, ыстық түсіретін препараттар, темірқұрамды препараттар, сондай-ақ басқа да спецефикалық препараттар сынды қажетті дәрілер бар.

Өзгелердің жаңалығы