Астаналық тұрғынға күш көрсетіп, тонап кеткен екі азамат қамауға алынды

1 Тамыз 2023, 03:27
795
Бөлісу:
Астаналық тұрғынға күш көрсетіп, тонап кеткен екі азамат қамауға алынды
Фото: Polisia.kz

Астаналық тұрғынға күш көрсетіп, тонап кеткен екі азамат қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Таң азаннан Астана қаласы ПД Сарыарқа ауданы полиция басқармасына “102” арнасы арқылы қала тұрғыны өзін ұрып-соғып, тонап кеткенін айтып хабар берген.

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ұрып-соғуға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған 29 және 35 жастағы екі ер адамды анықтады.

Жәбірленушінің айтуынша, ол Біржан сал көшесінің бойында орналасқан дөнер дүкеніне келген. Есіктің қасында белгісіз екі адаммен бірігіп темекі тартқан. Сөйтіп, ауызша сөйлесу кезінде олар жанжал шығарып, содан кейін олардың бірі жәбірленушінің бетінен ұрған. Жағдайдың ушығып бара жатқанын түсінген жәбірленуші қашуға бел буғанда олардың екіншісі қуып жетіп, дене күшін қолданып, ұрып-соғып, сыртқы киімін шешіп, әмиянын қоса ұрлап кеткен.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігімен (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Заттай айғақ алынды. Ер адамдар полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Егер, сізге қарсы заңсыз әрекеттер жасалған болса, дереу полицияға немесе “102” мобильді қосымшасы арқылы хабарлаңыз.

Өзгелердің жаңалығы