Астаналық саябақта инклюзивтік алаң ашылды

4 Қазан 2019, 05:50
1941
Бөлісу:
Астаналық саябақта инклюзивтік алаң ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астаналық саябақта жаңа «Kunshyaq» инклюзивтік алаңы ашылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Нұр-Сұлтандағы екінші инклюзивтік алаң балалардың физикалық, менталдық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесуге бағытталған.

«Инклюзивті ойын алаңын ашу қоғам мен мемлекеттің ерекше қажеттілігі бар балаларға қадам жасауының көрінісі. Елорданың барлық тұрғындарына арналған сый және ерекше балаларды әлеуметтік бейімдеу мәселесіне назар аудару болып табылады», - деді астана әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Алаңда ойын мен оқытуға арналған барлығы 15 снаряд орнатылған. Барлық әткеншектер мен кешендер арбамен шыға алатындай етіп құрастырылған. Сондай-ақ алаңның барлық аумағына арнайы қауіпсіздік қабаты төселген, ол балалар құлап қалған жағдайда жарақат алудан сақтайды.



Өзгелердің жаңалығы