Астаналық мектепте оқушылар тапталып қала жаздады

5 Қыркүйек 2023, 15:26
5719
Бөлісу:
Астаналық мектепте оқушылар тапталып қала жаздады
VIDEO
Фото: скрин

Астана қаласының білім басқармасында елордалық мектептің дәлізінде балалардың топтап жиналып, басылып қалған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Видеода жүзден астам бала мектеп дәлізіне жиналып қалған. Оқушылар бір-бірін итеріп, қысып тастаған. Балалардың не деп жатқанын естіп-білу мүмкін емес, бірақ ересектер оларға жағдайды түсіндіруге тырысып жатқанын көруге болады.

Әлеуметтік желілердегі басқа видеода көпшіліктің бірі "көмектес" деп айқайлап жатқанын естуге болады.

Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі видеоның № 71 мектеп-лицейінде түсірілгенін хабарлады. Мектеп үш ауысымдық режимде жұмыс істейді екен.

Үшінші ауысым оқушылары алтыншы сабақтан кейін бір мезгілде шыққан, кезекшілер сырт киімдерін беруге үлгермеген. Аталған мәселені шешу үшін киім ілгіштер қабаттарға қайта бөлінді, осылайша гардероб бойынша мәселе 5 қыркүйектен бастап алынып тасталады, - деді Астана қаласы білім басқармасының баспасөз хатшысы Маржан Бақыт.

Ведомство оқушылар орнын құру үшін қала жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

Биыл 11 мектеп ашылады, оның 4-і жұмыс істейді. Қалада "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Осы жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында 90 мың оқушы орнына 24 мектеп салынады. Оның ішінде 15 мектеп "Есіл" және "Нұра" аудандаында салынады, - деп қорытындылады білім басқармасы.

Өзгелердің жаңалығы