Астаналықтарға көмір сатып алудың қажеті болмайды

18 Мамыр 2020, 09:36
1490
Бөлісу:
Астаналықтарға көмір сатып алудың қажеті болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Железнодорожный елді-мекенінде газбен жабдықтаудың 80% - дан астам тарату желілері салынды.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ЖЭО-1/ЖЭО-2 газға көшіру және өнеркәсіптік сектор мен елді-мекендерді газдандыру үшін газ тарату желілерін салу жұмыстарының барысымен танысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Газ құбыры Қазақстанның Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес салынып жатыр. Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы газдандыру процесін бақылауға алуды тапсырды.

Елорданы газдандыру — Елбасының тарихи жобасы. Железнодорожный елді мекенінде газбен жабдықтаудың 80% - дан астам тарату желілері салынды. Сондай-ақ, Көктал-1, Көктал-2, Промышленный және Агрогородок елді-мекендерінде газ өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Юго-Восток (оң жағы), Юго-Восток (сол жағы) ықшам аудандарында жұмыстар басталды. Көктал-1, Железнодорожный елді-мекендерінің әлеуметтік нысандары мен теміржол желілерін газға жазда қосамыз, - деді қала әкімі Алтай Көлгінов. 

Железнодорожный елді мекенінің тұрғындары газ өткізу қаланың экологиясына жағымды әсер етіп қана қоймай, жеке сектор тұрғындарының өмірін едәуір жеңілдететінін атап өтті. 

Біз алдағы жылу беру маусымында үйге көмір жағу қажет емес екеніне қуаныштымыз. Біз көмірді қайда сатып алуды, оның сапасын, оны қайда сақтайтынымызды енді ойламаймыз. Жылу беру маусымында жеке сектордың тұрғындары ретінде үйден шыға алмайтын едік. Әрдайым көршілеріміз бен туыстарымыздан пешке отын мен көмірді лақтыру үшін көмек сұрайтынбыз. Енді мұндай проблемалар болмайды. Сонымен қатар, газдандыру экологияны айтарлықтай жақсартады және азаматтардың денсаулығына жағымды әсер етеді, - деді Болат Мұқатаев. 
Өнеркәсіптік сектор мен елді-мекендерді газдандыру 3 кезеңде өтеді. Биылғы жылыту маусымында Көктал-1, Көктал-2, Агрогородок, Промышленный, Железнодорожный елді-мекендері газбен қамтамасыз етіледі. Юго-Восток елді-мекенінде жұмыстар басталады. 

Екінші кезең Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ПК), Тельман (3 ПК), Пригородный, Garden Village және Family Village (4 ПК) елді-мекендерінде өтеді. Үшінші кезеңде Ильинка (1-2-ші ДК), Шұбар (3-ші ДК), Өндіріс (4-ші ДК) елді-мекендері газдандырылады. Жобаны іске асыру мерзімі - 2020-2023 ж. Газ өткізу қаладағы зиянды қалдықтардың 6 есеге, қатты заттардың – 40 мың тоннаға дейін азайуына мүмкіндік береді.


Өзгелердің жаңалығы