«Астанаға» Конгодан футболшы келді 

3 Шілде 2019, 16:48
1526
Бөлісу:
«Астанаға» Конгодан футболшы келді 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Конго ДР құрамасының және Францияның «Тулуза» командасының шабуылшысы Фирмин Мубеле «Астана» футбол клубымен еңбек келісімшартына қол қойды. 

Шабулшы спорттағы карьерасын өз отанында бастап, сосын Катардың «Аль-Ахли» клубында жалғастырған. Кейін «Астана» жанкүйерлеріне жақсы таныс Францияның «Ренн» сапына ауысты. Одан әрі «Тулуза» командасының қатарын толықтырды. 25 жастағы Мубеле Францияның ең жоғарғы чемпионатында 60 ойын өткізіп, 10 гол соққан. 

Фирмин Конго ДР құрамасы сапында өткізген 45 ойында 9 голдың авторы атанған.  Конголық шабуылшыны «Астана» футбол клубы жалға алды.

«Астананың» маған қызығушылық танытып жүргеніне біраз уақыт болды. Клуб Жуниор Кабананга екеуміздің ортақ досымыз арқылы маған хабарласып, команданың алға қойған мақсаттары туралы жеткізді. «Астана» - әр жылы чемпиондық атаққа таласып, Еурокубоктерге қатысып келе жатқан команда болғандықтан, осы ұжымды таңдадым. Біз Жуниормен әрдайым байланыстамыз, әрі біздің ортақ достарымыз өте көп. «Астана» туралы жиі сөйлесетін едік. Жуниор клуб туралы әрқашан жақсы пікірлер айтып, клубта жұмыс жасайтын қызметкерлердің футболшыларға үлкен құрметпен қарап, оларға қолайлы жағдай жасау үшін барлығын жасайтынын айтқан еді. Шабуылшы ретінде, «Астанаға» чемпиондық атақты иеленіп, еурокубоктердің топтық кезеңіне шығуына көмектесу үшін келдім», - дейді Фирмин Мубеле.
Өзгелердің жаңалығы