Астанаға COVID-19-ға қарсы 2 мыңнан астам вакцина дозасы жеткізілді

22 Ақпан 2021, 18:14
1315
Бөлісу:
Астанаға COVID-19-ға қарсы 2 мыңнан астам вакцина дозасы жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік «Спутник V» вакцинасының 2030 екінші компоненті елордалық Денсаулық сақтау басқармасының қоймасына жеткізілді. 

Екі компоненттің сыртқы бейнесі түс айырмашылығымен ерекшеленеді. Біріншісі - көк, екінші компонент - қызыл түсті. Бір флакон 5 адамға екпе салдыруға арналған, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Келіп түскен жаңа дозалар бірінші кезеңде вакцинациялау үшін белгіленген қалалық емханаларға тапсырылды. Ауруханалардың медициналық қызметкерлерін, жедел-жәрдем бригадаларының фельдшерлерін, сүзгі кабинетінің қызметкерлерін және өзгелерін вакцинациялау әрі қарай жалғасады.

Астанаға COVID-19-ға қарсы 2 мыңнан астам вакцина дозасы жеткізілді

Тиісті екінші екпесін 21 күннен кейін Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов та алды. Емшара бөлмесінің қызметкерлері басқарма басшысының жағдайын сұраған кезде денсаулығы ойдағыдай екенін жеткізді.

Астанаға COVID-19-ға қарсы 2 мыңнан астам вакцина дозасы жеткізілді

Кішкене әлсіздік байқалды. Бірақ вакцинадан кейінгі мүмкін болатын әсерлерден хабардар едім. Коронавирус жұқтырып, ауырып қалу қорқыныш сезімі оған қарсы екпе алудан әлдеқайда жоғары, - деп атап өтті Мұратов.

Жалпы елорда бойынша вакцинациялау басталғалы бері 2008 адам екпе алды. Жоспар бойынша қалада 5 700 адам екпе салдырады деп күтілуде.


Өзгелердің жаңалығы