Астанадан қыс мезгілінің басынан бері 2,6 млн текше метрден астам қар шығарылды

25 Қаңтар 2023, 20:08
1001
Бөлісу:
Астанадан қыс мезгілінің басынан бері 2,6 млн текше метрден астам қар шығарылды

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күн сайын қаланың көшелері мен жолдарының қары мен мұзын күреуге екі мыңға жуық жол жұмысшы шығады.

Елордадан 25 қаңтарға қараған түні қар полигондарына 16 мың текше метр қар немесе 1 255 рейс шығарылды.

25 қаңтар күні таңертең қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс мезгілінің басынан бері Астанадан 2,6 миллион текше метрден астам қар шығарылды, бұл 209,1 мың ауыр жүк көлеміне тең.

Қала тұрғындарының қауіпсіз жүріп-тұруы және көктайғақты болдырмау үшін көшелерге, тротуарларға, жолдарға құм-тұз қоспасы себіледі.

Өзгелердің жаңалығы