Астанадан Бурабайға жаңа жылдық арнайы пойыз аттанды

28 Желтоқсан 2023, 10:43
430
Бөлісу:
Астанадан Бурабайға жаңа жылдық арнайы пойыз аттанды
PHOTO VIDEO
Фото: автордан «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ

Жаңа жыл қарсаңында брендтелген жаңа жылдық №7507/7508 электр пойызының алғашқы рейсі Астанадан Бурабай курортына аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

Бұл ҚР Туризм және спорт министрлігі "Kazakh Tourism" мен "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның бірлескен жобасы.

Астанадан Бурабайға жаңа жылдық арнайы пойыз аттанды



Ерекше пойыз құрамы сыртынан да, ішінен де безендіріліп, жолаушылар үшін мерекелік атмосфера сыйлайды.

Жаңа жылдың басты кейіпкерлері - Аяз Ата мен Ақшақар жолаушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Олардың рөлінде - вагондардың жолсеріктері.

Астанадан Бурабайға жаңа жылдық арнайы пойыз аттанды

Мерекелік безендірілген құрам жаңа жылдық демалыс маусымы аяқталғанға дейін жүреді. 

Екінші жыл қатарынан біз жаңа жыл қарсаңында ҚТЖ-мен бірлесіп, брендтелген туристік пойыздарды іске қосып отырмыз. Мұндай пойыздар мерекелік атмосфераны құрып қана қоймай, туристерді де тартады, - деді Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Бұл ретте өткен жылы жаңа жылдық электр пойызымен 16 мыңнан астам жолаушы тасымалданды.

Астанадан Бурабайға жаңа жылдық арнайы пойыз аттанды

Мерекелік құрам 28 желтоқсаннан бастап аптасына бес рет жүреді. Елордадан Бурабай курортына пойыз Нұрлы жол вокзалынан сағат 06:12-де жөнелтіледі. Сонымен қатар, елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін пойызға Астана-1 вокзалынан да отырғызу қарастырылған. Бұл жерге экспресс таңғы сағат 06:37-де келіп, 07:00-де жүреді.

Астанадан Бурабайға жаңа жылдық арнайы пойыз аттанды

Туристік пойызды іске қосу аясында ҚР ПІБ "Бурабай даму" ЖШС ерекше рейстің кестесіне сәйкес қысқа тур қалыптастырды. Жаңа жылдық тақырыпты жалғастыру мақсатында, Бурабайдағы Санта резиденциясына барып, Бурабайландта таңғажайып күн өткізу ұсынылады. Мұнда бұғы немесе ит жегілген арбамен, квадроциклмен, қарда жүретін көліктермен серуендеуге, атқа мінуге болады.

Соңғы жылдары Бурабай жыл мезгіліне қарамастан, жазда жағажай демалысын, күзде және көктемде сауықтыру туризмін, ал қыста керемет жаңа жылдық атмосфераны ұсынатын тартымды демалыс орны ретінде танымал.

Осылайша, жаңа жылдық туристік пойыз - аймаққа қосымша туристер ағынын тартатын әрі жергілікті туроператорлардың белсенділігін қамтамасыз ететін маусымдық жергілікті өнімнің мысалы.

Өзгелердің жаңалығы