Астанадан бір күнде 32 мың текше метрден астам қар шығарылды

7 Наурыз 2024, 22:51
354
Бөлісу:
Астанадан бір күнде 32 мың текше метрден астам қар шығарылды
Фото: gov.kz

Астана қаласында қар тазалау жұмысына түнгі ауысымда 550-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

7 наурыздан 8 наурызға қараған түні қала бойынша 550-ден астам жол жұмысшысы мен 700-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.
Ал 7 наурыз күні қаладан 2,4 мыңға жуық ауыр жүк көлік рейсі арқылы полигондарға 32,2 мың текше метр қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 439,7 мың рейспен 5,9 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы