Астанадан 3500-ге жуық рейс қар шығарылған

10 Қаңтар 2024, 11:12
318
Бөлісу:
Астанадан 3500-ге жуық рейс қар шығарылған
Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты

Астанада бір түнде 3,5 мыңға жуық жүк көлігіне тең қар шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

1600-ден астам арнайы техника мен 2500-ге жуық жол жұмысшы күндізгі ауысымда көшелерді қардан тазартуға шықты. Қардың мол болуына байланысты тазарту жұмысы тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

9 қаңтардан 10 қаңтарға қараған түні шамамен 50 мың текше метр қар шығарылды, бұл 3444 жүк рейсіне тең.

Қыс мезгілінің басынан бастап елордада 1 654 224 текше метр қар шығарылды, бұл 121 мыңнан астам ауыр жүк рейсін құрайды.

Қар арнайы полигондарға шығарылады. Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астанада 10 қаңтарда бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (негізінен қар), боран болады. Күндіз көктайғақ. Оңтүстік-батысқа көшетін оңтүстік-шығыстан соққан жел 9-14, екпіні 15-20, күндіз 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде -16-18, күндіз 1-3 аяз.

Өзгелердің жаңалығы