Астанадан 28 мың текше метрден астам қар шығарылды

11 Наурыз 2024, 23:49
308
Бөлісу:
Астанадан 28 мың текше метрден астам қар шығарылды
Фото: gov.kz

Астананың коммуналдық қызметі қар тазалау жұмыстарын күшейтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, 11 наурыз күні кешке қар тазалау жұмыстарына 200 жол жұмысшысы мен 640 арнайы техника жұмылдырылды.

Бір күнде қаладан 28 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2,1 мың ауыр жүк көлеміне тең.

Қыс басынан бері полигондарға 454 мыңнан астам жүк көлігі, 6,1 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Көктайғақ кезінде қала тұрғындарының ыңғайлы қозғалысы үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.

Автокөлік жүргізушілерінен жолда мұқият болуды, жылдамдық режимін сақтау сұралады.

Айта кетейік, қалада қар тазалау тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізілуде. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.

Өзгелердің жаңалығы