Астананың Төтенше жағдайлар департаменті "Хан шатыр" сауда үйі маңында салынып жатқан тұрғын үй кешеніндегі бірқатар жарылыстың алдын ала себебін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23 мамырда сағат 16:28-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Мұхамедханов көшесіндегі жаңадан салынған нысанда өрт шыққаны туралы келіп түскен хабарламаға барды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Үш газ баллоны жарылғаны анықталды, сондай-ақ 15 рулон шатыр материалы жанған. Өрт сөндірушілер өртті сағат 16:45-те ауыздықтады. Өртті сөндіруге Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 19 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды, - деді ТЖД өкілдері.
Астана денсаулық сақтау басқармасы оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін растады.