Астанадағы жаңа жиын пунктінің дайындығы тексерілді

13 Мамыр 2023, 18:08
1355
Бөлісу:
Астанадағы жаңа жиын пунктінің дайындығы тексерілді
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Әскери нысан инспекциясына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев, Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, елорда әкімдігінің, №3 қалалық емхананың басшылығы қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Комиссия мүшелері елордалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментіндегі жиын пунктінің запастағы азаматтарды оқу-жаттығу жиындарға әскери қызметке шақыруға және белгіленген жерге әскерге шақырылушыларды жіберуге байланысты іс-шараларды өткізуге дайындығын тексерді.

Астанадағы жаңа жиын пунктінің дайындығы тексерілді

Сондай-ақ олар жұмыс жағдайымен танысып, медициналық кабинеттерді, асхананы және әскерге баратындар жиналатын орындарды қарап шықты.

Астанадағы жаңа жиын пунктінің дайындығы тексерілді

Республика даңғылы 54 мекенжайындағы алты қабатты ғимаратта әскерге шақырылушыларға арналған казарма, тамақтану пункті, процедуралық, функционалдық диагностика және талдау алу үш кабинеті орналасқан. Жиын пункті дәрігерлермен, қажетті медициналық жарақтармен және құралдармен толық жабдықталған.

Кездесу соңында Қорғаныс министрінің орынбасары азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды, жергілікті әскери басқару органдарының консультативтік-түсіндіру және ақпараттық қызметін ұйымдастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы