Астанадағы Тәуелсіздік көпірінде жөндеу жұмыстары қайта басталады

Кеше, 22:15
159
Бөлісу:
Астанадағы Тәуелсіздік көпірінде жөндеу жұмыстары қайта басталады
Фото: gov.kz

Елордада 18-24 шілде аралығында Тәуелсіздік көпіріне асфальт төсеу жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 10-20 шілде аралығында асфальтбетон жабынының жоғары қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Тәуелсіздік көпірінің жабылатыны хабарланған болатын. Ауа райына байланысты 14 шілдеден бастап жұмыс тоқтатылып, жол жүру қамтамасыз етілді.

Сондықтан 18 шілде күні сағат 23:00-ден 24 шілде сағат 01:00-ге дейін асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу үшін Тәуелсіздік көпіріндегі жол бөлігін ішінара жабу жоспарлануда. Бұл ретте қозғалыс көпірдің бір жағы бойынша екі бағытта да қамтамасыз етілетін болады, - делінген әкімдіктің ақпаратында.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы