Астанадағы халықаралық форумда не талқыланады

5 Маусым 2023, 15:16
2940
Бөлісу:
Астанадағы халықаралық форумда не талқыланады
Фото: astanainternationalforum.org

9 маусымда Астана Халықаралық форумының (AIF) алаңында «Қазақстанның бизнесі үшін жаһандағы сын-қатер мен жаңа мүмкіндіктер» панельдік сессиясы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Онда шетелдік спикерлер, соның ішінде Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чун, Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағының бас хатшысы Мұстафа Рифат Хисарджиклиоглу және Қазақстандағы Glencore International AG бөлімшесінің басшысы Никола Попович баяндама жасайды.

Шараға мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, іскерлік қауымдастықтар, интеграция бірлестіктері мен дипломатия өкілдері, қаржы ұйымдарының басшылары және халықаралық бизнес пен сараптама жасайтын қоғамдастықтың өкілдері қатысады.

Сессияда бизнестің бәсекеге қабілеті мен сыртқы факторларға бейімделуін арттыру мақсатында кәсіпкерлердің алдындағы сын-қатерді еңсеру жолдары талқыланады. Экономикада болып жатқан қарқынды өзгерістер ынтымақтастық тәсілдерін өзгертіп, жаңа механизмдерді әзірлеуді талап етеді. Сондықтан кәсіпкерліктің жедел дамуы үшін мемлекеттің шағын және орта бизнесті қолдауының жаңа жүйесін қалыптастыру қажет.

Бүгінде цифрлық технологиялар қарқынды қолданылып жатыр. Сол себепті компаниялар цифрлық трансформацияның түрлі деңгейін пайдалану үшін ішкі стратегиясын және мемлекетпен өзара іс-әрекетін қайта қарауы керек.

Бұдан басқа, сессияда экономикаға инвестиция тартудың жаңа тәсілдері талқыланады.

СЕССИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ:

Алғы сөз: Қазақстанның ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

1-бөлім: ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕР

Модератор: Бреттон-Вудс жаңарту жөніндегі комитетінің негізін қалаушы және директоры Марк Узан.

Спикерлер:

  • Нобель сыйлығының лауреаты Пан Ги Мунның «Жарқын болашақ үшін қоры» басқармасының директоры Рае Квон Чунг;
  • БАӘ сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының төрағасы, Абу-Даби сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Абдулла Мохаммед Аль Мазруи;
  • «Glencore» мыс-мырыш департаментінің жаһандық басшысы, «Kazzinc Holdings» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Никола Попович;
  • Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстан бойынша директоры Хусейн Озхан;
  • Астана Халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің басқарма төрағасы Ернұр Рысмағамбетов;
  • Колумбия университетінің тұрақты даму жөніндегі MDP жобасының менеджері және ҚазҰАУ жасыл және тұрақты даму институтының директоры, PhD Рафис Абазов.

2-бөлім: ӨҢІРДЕГІ СЫН-ҚАТЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕР

Модератор: «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының президенті Мұрат Қарымсақов.

Спикерлер:

  • «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Райымбек Баталов;
  • Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағының бас хатшысы, Түркия сауда палаталары мен тауар биржалары одағының президенті Мұстафа Рифат Хисарджиклиоғлу;
  • Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының «Бір белдеу, бір жол» зерттеу орталығының бас хатшысы, CITIC реформалар мен дамуды зерттеу қорының Қытай-Орта Азия қауымдастығының жалпы болашақты зерттеу орталығының атқарушы директоры Ван Сяоцюань;
  • «Jusan Bank» АҚ басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов;
  • Еуразиядағы BBC Global News коммерциялық өкілдіктерінің басшысы, DARS Consulting директоры Сергей Становкин:
  • Қырғыз өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының президенті Данил Ибраев.

 

Өзгелердің жаңалығы