Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа ЭГТМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Құтпанбаев жауап берді. Ведомство өкілі өз сөзінде бас қаланың әсем жерлерінің біріне қанша ақша құйылғаны әлі есептеліп жатқанын алға тартты.
Елорда ботаникалық саябағы – қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласындағы көрікті жерлердің бірі екені белгілі. Ботаникалық бақтың 46,3 гектары ғылыми аумақ болып есептеледі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатады. Қалған бөлігі Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне қарайды, - деп атап өтті комитет төрағасының орынбасары.
Ал саябақты гүлдендіруге шартараптан әкелінген неше түрлі өсімдіктерге қанша қаражат жұмсалды деген сұраққа мынандай жауап алдық.
Қазіргі уақытта біз әкімдіктен аумақты қабылдап алу жұмыстарын әлі жүргізіп жатырмыз. Бүкіл жұмыстар аяқталған соң жұмсалған қаражаттың шығыны анықталады, - деді ведомство өкілі.
Еске сала кетейік, бұған дейін астанадағы ботаникалық бақ аумағындағы жердің сатылуына қатысты жазған болатынбыз.