Астанада жөндеу жұмысына байланысты жол учаскесі жабылды

23 Қыркүйек 2023, 05:40
687
Бөлісу:
Астанада жөндеу жұмысына байланысты жол учаскесі жабылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Майқайың көшесінде жөндеу жұмысы жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты 22-25 қыркүйек аралығында Дауылпаз көшесінен Балталы көшесіне дейінгі Майқайың көшесінің учаскесінде көлік қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы