Астанада жолдың ортасында ұйықтап қалған мас жүргізуші жазаланды

29 Қаңтар 2023, 17:20
961
Бөлісу:
Астанада жолдың ортасында ұйықтап қалған мас жүргізуші жазаланды

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен “Мас жүргізуші – қылмыскер!” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген рейд барысында түнгі уақытта Айтматов көшесінің бойында тура жолда тұрған KIA CARENS автокөлігі байқалды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Polisia.kz хабарлауынша, аталған көлік полицейлердің күдігін туғызған. Медициналық  тексерудің қорытындысы бойынша ер адамның орта дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталды. 

Жүргізушіге көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар құқық бұзушы әкімшілік соттың шешімімен 20 тәулікке қамаққа алынып, 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Өзгелердің жаңалығы