Астана қаласында жол қозғалысына уақытша өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы қаланың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомство мәліметінше, 4-7 мамыр аралығында Марал көпірінің көлік айырығынан Шарль де Голль көшесіне дейінгі жол учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған бағыт ішінара жабылады.
Жөндеу жұмыстары барысында көлік қозғалысын реттеу үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Қала билігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлауды және қозғалыстағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұрайды. Сонымен қатар, қолайсыздықты азайту мақсатында қауіпсіздік шаралары күшейтілетіні атап өтілді.
Астана тұрғындары мен қонақтарына қозғалыс бағытын алдын ала нақтылап, жолдағы уақытша шектеулерге түсіністікпен қарау ұсынылады.