Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады

9 Мамыр 2025, 09:06
439
Бөлісу:
Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады
Фото: BAQ.KZ архив

Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 9 мамыр күні демеушілік қаражат есебінен мерекелік отшашу болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

9 мамыр күні сағат 22:00-де отшашу екі жерде өтеді: Ботаникалық бақ және Атырау көпіріне іргелес аумақ. Әр жерде 4 мыңға жуық оқ атылады.

Еске салайық, Астанада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күнін мерекелеуге арналған 100-ден астам түрлі іс-шара жоспарланған. Олардың арасында концерттер, ғылыми конференциялар, мектептерде тәрбие сағаттары, спектакльдер, тағы басқа бар.

Өзгелердің жаңалығы