Астанада жеңіл көлік Есіл өзеніне түсіп кетті

Жүргізуші мен жолаушы көліктен өздігінен шыққан.

22 Қыркүйек 2026, 22:20
АВТОР
 Скриншот 22 Қыркүйек 2026, 22:20
22 Қыркүйек 2026, 22:20
124
Фото: Скриншот

Астанада көлік Есіл өзеніне түсіп кетіп, құтқарушылар оны судан алып шықты.

Оқиға Сарайшық ауданында болған. Жеңіл автокөліктің электрондық жүйесінде ақау пайда болып, көлік өзен арнасына түсіп кеткен.

Жүргізуші мен жолаушы көліктен өздігінен шыққан. Алайда автокөлікті судан шығару үшін құтқарушылардың көмегі қажет болған.

Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының мамандары келді. Сүңгуірлер су астындағы жағдайды тексеріп, кейін кранның көмегімен көлікті өзеннен алып шықты.

Көлік иесі құтқарушыларға жедел әрі кәсіби көмегі үшін алғыс білдірді.

Наверх