Астанада жас отбасыларға арналған психологиялық тренинг өтті

16 Қыркүйек 2023, 07:15
979
Бөлісу:
Астанада жас отбасыларға арналған психологиялық тренинг өтті
Фото: gov.kz

Нұра ауданының әкімдігінде жас жұбайларға арнап отбасылық кәсіби психолог, жоба кеңесшісі Альвина Юсупова мен «Арт терапия» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ирина Шэ тегін сессия ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Отбасы күніне орай ұйымдастырылған тренингте ерлі-зайыптылар түрлі сынақтардан өту сабақтарын ұйымдастырды. Олар осы сынақтар арқылы жанұяда болатын дағдарыс кезеңдерінен қалай өту керек екенін түсіндіруге тырысты.
Осы сабақтар арқылы отбасы беріктігі үшін өзара көмек және қолдаудың аса қажет екенін тағы бір түсіндірді.

Отбасы – бұл күн сайын кездесетін емтихандар мен сынақтардан тұратын институт. Әрдайым ерлі-зайыптылар, әсіресе жастар, бұл тапсырманы жеңе алмай жатады. Біздің тренингіміз жас жұбайларға өмірлеріндегі жаңа кезең мен жаңа рөлді қабылдауға көмектеседі. Ерлі-зайыптылармен бірге жұмыс істей отырып, біз бақытты отбасылық өмірдің құпияларын ашамыз және жанжалсыз қарым-қатынас орнату үшін не істеу керектігін түсіндіреміз, - дейді 20 жылдық тәжірибесі бар психолог және жоба кеңесшісі Альвина Юсупова.

Тренинг соңында қатысушыларға сый-сияпат тарту етілді.

Өзгелердің жаңалығы