Астанада жаңадан салынған көппәтерлі тұрғын үй өртенді

11 Мамыр 2023, 15:28
1707
Бөлісу:
Астанада жаңадан салынған көппәтерлі тұрғын үй өртенді
VIDEO
Фото: Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

Астанада Europe City тұрғын үй кешенінің бір блогы өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

11 мамыр күні сағат 15:01-де Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшесіне Ақмешіт-Сығанақ көшелері қиылысындағы жаңадан салынып жатқан тұрғын үйден қара түтін шығып жатқаны хабарланды. Оқиға орнына келіп жеткенде жаңадан салынып жатқан тұрғын үй аумағында битум мен үйдің сыртқы қаптауы өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілер сағат 15:17-де тілсіз жауды ауыздықтады. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, - делінген қалалық ТЖД таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы