Астанада жаңа ХҚКО ашылды

27 Желтоқсан 2022, 11:21
969
Бөлісу:
Астанада жаңа ХҚКО ашылды
PHOTO

Кеше, 26 желтоқсанда Астанада Керей және Жәнібек хандар көшесі, 4 мекенжайында орналасқан жаңа ХҚКО ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ашылу салтанатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин қатысты.

Астанада жаңа ХҚКО ашылды

Мемлекеттік корпорация цифрлық кеңселердің инфрақұрылымын жыл сайын жақсартып келеді. Жаңа ХҚО Kaizen Standart қағидатына негізделген. Kaizen сапаны, технологияларды, процестерді, корпоративтік мәдениетті, еңбек өнімділігін және компания қызметінің басқа да аспектілерін үздіксіз жақсартуды қамтиды. Жетілдіру процесіне директорден бастап, қарапайым қызметкерге дейін қатысады.

Астанада жаңа ХҚКО ашылды

Балалар мен келген тұрғындарға қолайлы болу үшін жаңа ХҚО ғимаратында ана мен балаға арналған бөлме және ойын алаңы бар. Жаңадан ашылған цифрлық кеңсе бірнеше секторға бөлінген. Ал жылдамдық аймағында мемлекеттік қызметті 10 минут ішінде алуға болады. Ену аймағында тұрғындар оператордың көмегінсіз өздеріне қажетті кез келген құжатты eGov mobile қосымшасы арқылы ала алады.

Астанада жаңа ХҚКО ашылды

Бұл орталықта 24/7 сағат бойы жұмыс істейтін постаматтар орнатылған. Азаматтар жұмыстан кейін кез келген уақытта құрылғыдан дайын құжаттарды ала алады. Бұл пилоттық жоба болашақта барлық өңірде іске қосылуы жоспарда бар. Сонымен қатар жаңа орталықта «ХҚКО» мобильдік қосымшасы арқылы бейне қоңырау бойынша мемлекеттік қызметтерді алуға арналған кабиналар орнатылған. Сондай-ақ тұрғындар осы қосымша арқылы кезекке тұрып және өз кезегін бақылай алады, - делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз хабарламасында.

Бұдан бөлек, ХҚКО-да әлеуметтік блок пен жер кадастры қызметтерін алуға арналған бөлім, сондай-ақ азаматтар бейне қоңырау арқылы кеңес ала алатын аймақтар бар. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жаңа орталықта пандус және қызмет көрсетуге арналған жеке сектор қарастырылған. Сонымен қатар егер клиенттерге ұялы телефонды қуаттандыру қажет болса, онда байланыс аймағында смартфондарды қуаттандыруға арналған бірнеше құрылғы орнатылған. 

Жаңа ғимараттың ауданы алдыңғыға қарағанда 2 есе үлкен. Жаңа ХҚКО-да 32 оператор жұмыс істейді, бұл бұрыңғы Тұран 37/9 көшесінде орналасқан ХҚКО-дан 9 маманға артық. Қызметкерлердің саны ұлғайғанына байланысты халыққа жедел түрде қызмет көрсету жүйесі одан әрі жақсарады. Жаңа цифрлық кеңсеге күніне 1 000-ға жуық қызмет алушы келеді деп күтіліп отыр.

Астанада жаңа ХҚКО ашылды
Өзгелердің жаңалығы