Астанада жаңа автобустардың саны артты

4 Қыркүйек 2023, 19:10
535
Бөлісу:
Астанада жаңа автобустардың саны артты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - Архив

Астанада жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша 50 автобус жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар №3, 32, 15, 54 және 61 бағдарларының қатарын толықтырды.

Автобустар электронды жол ақысын төлеу және диспетчерлеу жүйесінің жаңа жабдықтарымен жабдықталған және олардың орналасқан жері туралы ақпаратты Аvtobуs мобильді қосымшасынан көруге болады, - делінген CTS компаниясының хабарламасында.

Сондай-ақ, бүгіннен бастап №54 бағдарда автобус саны 12-ден 14 бірлікке, ал №61 бағдардағы автобус саны 13-тен 15 бірлікке артты.

Өзгелердің жаңалығы