Астанада жаңа автобус бағыты іске қосылды

5 Қараша 2023, 23:11
501
Бөлісу:
Астанада жаңа автобус бағыты іске қосылды
Фото: baq.kz

Астанаға жаңа автобустар келуіне байланысты 4 қарашадан бастап «Үркер» тұрғын алабы мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалы арасында қатынайтын жаңа №66 бағыт іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, бағыт Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы жүреді.

Осылайша, елорданың оң жағалауы мен сол жағалауы арасындағы көлік қатынасын жақсартады.

Сондай-ақ «Үркер» ТА мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалы арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Нәжімеденов, Керей, Жәнібек хандар, Мұхамедханов көшелерінде орналасқан тұрғын үй кешендеріне тасымал қызметін көрсетіп, сондай-ақ «Үркер» тұрғын алабы ішін қоғамдық көлікпен қамтиды.

Айта кету керек, №66 бағдар қолданыстағы №14, 35, 36, 45, 50, 56 бағдарларының жүктемесін азайтады.

Өзгелердің жаңалығы