Астанада вокзал маңында үй-күйсіз адамға топ болып шабуыл жасалды

Полиция бұл дерек бойынша түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, жанжалға қатысушылардың барлығы анықталып, ұсталған.

 скрин Бүгiн 2026, 06:52
Бүгiн 2026, 06:52
101
Фото: скрин

"Астана-1" теміржол вокзалы маңында ерлер мен әйелдерден құралған топ үй-күйсіз адамды аяусыз соққыға жықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, жанжалға әлгі ер адамның әйелге қатысты орынсыз әрекеті түрткі болған. Осыдан кейін оқиға орнында болғандар оны өз беттерінше жазаламақ болып, күш қолданған.

Кадрлардан бірнеше адамның жерге құлаған ер адамды жабыла тепкілеп жатқанын анық көруге болады.

Астана қаласының полициясы бұл дерек бойынша түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, жанжалға қатысушылардың барлығы анықталып, ұсталған.

Қатысушылар алкогольдік мас күйде болған. Барлығы Сарыарқа аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша материалдар сотқа жолданды, – делінген ресми хабарламада.

Наверх