Астанада үш жасар қыз 17-қабаттан құлап кетті

1 Шілде 2023, 00:22
1260
Бөлісу:
Астанада үш жасар қыз 17-қабаттан құлап кетті

Елордада үш жасар қыз 17-қабаттан құлап, оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайғылы оқиға 30 маусымда Нәжімеденов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шауленова аталған ақпаратты растап, іс бойынша сараптамалар тағайындалғанын айтты.

Астана қаласының полиция департаменті ересектерге балаларының қауіпсіздігіне мұқият болуды ескертеді.

Бұған дейін Ақтауда төрт жасар баланың көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткені хабарланған болатын.

 

Өзгелердің жаңалығы