Астанада ұлттық пікірсайыс турнирі өтеді

8 Ақпан 2023, 15:49
947
Бөлісу:
Астанада ұлттық пікірсайыс турнирі өтеді
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі 2023 жылдың 16-17 ақпанында Алғыс айту күніне арналған ұлттық пікірсайыс турнирін өткізеді. 120 спикер бақ сынайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін Ұлттық пікірсайыс турнирінің аудандық, қалалық, облыстық кезеңдері өтті. Оған қазақ, орыс және ағылшын лигаларынан 43 мың пікірсайысшысы қатысқан болатын. 

Финалға Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 120 спикер жолдама алды. Олар білім беру ұйымдарының 9-11 (12) сынып оқушылары.

 Бағдарлама бойынша «Бірлік» танысу кеші, ынтымақтастыруға арналған тренинг, «Quiz, Please» ойын-сауық шарасы, турнир қатысушыларының әсері туралы блиц-сұхбат, экскурсия ұйымдастырылады.Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом, сыйлықтармен, үздік спикерлер – дипломдармен, команда жаттықтырушылары – алғыс хаттармен марапатталады, - дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер.

Ұлттық пікірсайыс турнирінің қорытынды кезеңі Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында болады. Сайыстың барлық кезеңі американдық парламенттік формат (AПФ) бойынша өткізіледі. 

Айта кетейік, қазіргі күні Республика бойынша 6726 пікірсайыс клубы жұмыс істейді. Онда 120 мыңнан астам оқушы құқықтық мәдениетті, азаматтық белсенділікті, жауапкершілікті, шығармашылық және сыни ойлауды, командада жұмыс істеуді үйренеді.

Өзгелердің жаңалығы