Астанада уақытша тіркелген шетелдіктер саны артты

10 Қаңтар 2023, 17:38
849
Бөлісу:
Астанада уақытша тіркелген шетелдіктер саны артты

Былтыр Астанада 42 762 шетел азаматы тіркелді, бұл 1 жыл бұрынғы көрсеткіштен 30%-ға көп, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Басым бөлігі ресейліктер. Өткен жылы көші-қон заңнамасын бұзушылар саны да едәуір артып, 6 мыңға жуықтаған. 1143 шетелдік сот шешімімен елден шығарылған. 

Сондай-ақ, шетелдіктерді шақырып, олардың ел аумағында болу ережелерін сақтауын қамтамасыз етпеген  1 278 тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл жайында Астана қаласы Полиция департаментінің көші-қон қызметі хабарлады. 

Айта кетейік, былтыр 1281 адам Қазақстан азаматтығын алды. Оның 900-ге жуығы этникалық қазақ болса,  389-ы өзге ұлт өкілдері. 

2022 жылы Қазақстанның азаматтығынан шығуға қолдаухатпен жүгінгендер болмады. Қос азаматтыққа қарсы іс-қимыл нәтижесінде өзге елдердің азаматтығын қабылдаған Яғни ҚР азаматтығынан шықпаған 753 азамат анықталды. Оның 43-іне қатысты аазаматтық әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді қалалық полиция департаменті КҚҚБ бастығының орынбасары Анар Жомартова.

Өзгелердің жаңалығы