Астанада түнде дрифт жасаған екі жүргізуші 10 тәулікке қамалды

27 Қараша 2026, 12:00
АВТОР
 видеодан скриншот 27 Қараша 2026, 12:00
27 Қараша 2026, 12:00
118
Фото: видеодан скриншот

Астанада түнгі уақытта қала көшесінде дрифт жасаған екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 20 және 22 жастағы азаматтардың әрқайсысы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ІІМ мәліметінше, құқық бұзушылық түнгі сағат 00:30 шамасында Қалдаяқов көшесінде болған. Chevrolet көлігінің жүргізушісі қоғамдық жолда қауіпті маневрлер жасап, дрифт ұйымдастырған.

Полиция қызметкерлері жедел тексеру жүргізіп, оқиғаға қатысы бар 20 және 22 жастағы екі азаматтың жеке басын анықтаған.

Сот шешімімен құқық бұзушылардың әрқайсысы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлады ІІМ.

Ведомство өкілдері қала көшелері жарыс алаңы емес екенін ескертті. Қауіпті маневрлер жүргізушілердің ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қатер төндіреді.

Осыған байланысты полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды.

Наверх