Астанада терроризмге қарсы қауіпсіздіктің алдын алу бойынша семинар өтті

24 Қыркүйек 2022, 11:43
1372
Бөлісу:
Астанада терроризмге қарсы қауіпсіздіктің алдын алу бойынша семинар өтті

23 қыркүйекте Астана қаласы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері №1 балалар музыка мектебінің қызметкерлерімен терроризм актісінің нәтижесінде туындаған күдікті нәрсені анықтаған кездегі қызметкерлердің іс-әрекеттері тақырыбында семинар өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған төтенше жағдайлар кезіндегі халықтың іс-әрекеттері туралы бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар табыс етілді. 

Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ҚР ҚК 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша құқыққа қарсы іс-әрекет жасағаны үшін жауапкершіліктің қарастырылғаны туралы жеткізілді, – делінген Астана қаласы ПД баспасөз қызметі хабарламасында.

Бұл ұсынымдардың мақсаты адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға және төтенше жағдайларда алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруға көмектесуге бағытталған.

 

Астана қ. ПД Баспасөз қызметі

Өзгелердің жаңалығы