Астанада терезеден 6 жасар бала құлап кетті

9 Тамыз 2023, 22:46
611
Бөлісу:
Астанада терезеден 6 жасар бала құлап кетті

Астанада 9-қабаттың терезесінен 6 жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 9 тамызда болған.

Алған жарақаттарынан алты жасар бала сол жерде қайтыс болды. Бұл факт бойынша тексеру жүргізіледі. Сараптама жасалады, - дейді ведомство.

Полиция ата-аналарға үйдегі сақтық шараларын күшейтуді айтып дабыл қағып жатыр.

Егер сіздің балаңыз үйде болса, терезелерді ашық ұстамаңыз. Ешқашан москит торларына сенбеңіз, балалар оған сүйенем деп, москит тормен бірге құлап кетеді. Балаңыз терезені өздігінен аша алмауы үшін терезелерге арнайы қорғаныс жүйелерін: құлыптар, блокаторлар орнатыңыз, - дейді полиция.

Өзгелердің жаңалығы