Астанада тағы бір көшеде жөндеу жұмысы жүріп жатыр

8 Маусым 2023, 20:32
594
Бөлісу:
Астанада тағы бір көшеде жөндеу жұмысы жүріп жатыр
Фото: Елорда әкімдігі

Астана қаласында А.Жұбанов көшесінен бастап Асан Қайғы көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жұмысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту баскармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Ж.Тархан көшесінде орташа жөндеу жұмысы басталғаны туралы мәлімдейді.

Осыған байланысты 8-20 маусым аралығында А.Жұбанов көшесінен бастап Асан Қайғы көшесіне дейінгі учаскеде көлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы