Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында су қысымын арттыратын құбырдың жаңа тармағы іске қосылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
2021 жылдан бастап Астана су қоймасынан су жеткізетін таратқыштың жаңа желісінің және сорғы стансасының құрылысы жүріп жатыр. Кеше сол су таратқышты іске қостық. Бұл желі үйлердегі ауыз судың тиісті қысымын және жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді,-деп жазды Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.
Оның айтуынша, ауыз су станциясының (ССС-3) бірінші кезеңі маусым айының соңында аяқталады. Құрылыстың екінші кезеңі тамыз айында аяқталады, бұл алдағы 3-4 жылға қажетті қосымша су беру қуатын қамтамасыз етеді.