Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Passionarie» ғылыми-сараптамалық кезекті алаңында «Қазақстан Республикасындағы сайлау әлеуметтануы» тақырыбы талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жетекші қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар қазақстандық әлеуметтанушылар тарапынан жинақталған электоралды зерттеу тәжірибесін және халықаралық тәжірибені талдап, аталған ғылыми бағыттың келешектегі даму векторларын айқындады.
Мысалы, ҚР ҰҒА вице-президенті, ҚР ҰҒА академигі, профессор, әлеуметтану ғылымының докторы Зарема Шаукенова Қазақстанда электоралдық зерттеулер мектебі қалыптасқанын, ал сайлау әлеуметтануы республиканың әлеуметтанулық ландшафтында лайықты орын алғанын атап өтті. Отандық зерттеушілер сайлауалды зерттеу мен экзит-пол жүргізудің шетелдік технологияларын бейімдеп, сайлаушылардың ғадетіне қатысты сенімді болжамдар жасай алады.
Жалпы, сайлаушылардың көңіл-күйі бүкіл сайлау науқанының қалай өтетінін анықтайды. Қазақстандық электорат сайлаудан сайлауға өз сұранысын өзгертті, әр түрлі дәрежеде белсенділік танытты. Бүгін азаматтар сайлауға үмітпен және жақсы жаққа өзгеруді күтумен барады. Біз бұл процесте үлкен динамиканы күтеміз, - деді «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев.
Саяси модернизация электоралды оқыту бойынша жүйелі жұмысты талап етеді. Бұл қазақстандық қоғамның кезек күттірмейтін өтініштерінің бірі, - деп атап өтті Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы электоралды оқыту орталығының басшысы Жанар Буканова.
Зерттеуші аудиторияның назарын сайлаушылардың құқықтық мәдениетін, сайлау процестерін ұйымдастырушылардың кәсібилігін және сайлау процесінің барлық қатысушыларының жалпы құқықтық сауаттылығын арттырудың барлық тетіктерін жетілдіру қажеттілігіне аударады.
Жанна Каримова, әлеуметтану докторы, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ әлеуметтанулық зерттеулер бөлімінің бас ғылыми маманы, электоралдық зерттеулердің халықаралық тәжірибесіне жүгінді, бұл зерттеулер Еуропа мен Солтүстік Америкадағы сайлау дәуірінің басталуымен бір мезгілде басталды. Халықаралық тәжірибені талдай отырып, екі негізгі мәселеге тоқталды: сайлау процестерін заңнамалық реттеудің халықаралық тәжірибесі және әртүрлі елдерде сайлау зерттеулерін жүргізудің әдіснамалық тәсілдері.
Зерттеуші аталған аспектілердің Қазақстанда жеткілікті деңгейде дамуын атап өтті. Таяудағы конституциялық реформа және заңамалық жетілдірулер олардың прогресінде ерекше роль атқарды.
Әйелдердің сайлау құқығы және әйелдердің саяси процеске қатысуы мәселесін әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Стратегиялық талдау тобының жетекшісі Ляззат Нуркатова көтерді.
Өздеріңіз білетіндей, бүгін де әйелдер – стереотиптерді бұзуға және басқа әйелдерге «күш беруге» ықпалын тигізуге қабілетті өзгерістердің ең белсенді агенттері. Саяси қатысуды кеңейту әйелдердің өз құқықтарын жүзеге асырудың негізгі тетігі. Бұл бағытта бүгінде Қазақстанда барлық жағдай жасалған, - деп атап өтті.
«AMANAT» партиясы Қоғамдық саясат институты директоры орынбасары Динара Садвакасова әлеуметтанудың электрондық дауыс беру процестерін талдаудағы, жалпы электрондық демократияның қалыптасуындағы рөлі туралы ой қозғады.
Пікірлер көп, әрқашан скептиктер табылады. Бірақ технологиялық прогресс тоқтамайды, алдағы онжылдықтарда бүкіл өркениетті әлемдегі электронды дауыс беру жүйелері дәстүрлі қағаз бюллетеньдер жәшіктерін ығыстыратын болады, - деп санайды зерттеуші.