«ASU- Intellect» зияткерлік ойынының миллионерлері 

16 Қараша 2022, 17:05
1338
Бөлісу:
«ASU- Intellect» зияткерлік ойынының миллионерлері 

Қостанай облысының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі жұмысшы жастар арасында «ASU Intellect» зияткерлік ойыны болып өтт і деп хабарлайды BAQ.KZ Қостанайдағы тілшісі.

Аталмыш зияткерлік ойынының ерекшелігі ай сайын үш тілде отыз жасқа дейінгі жұмысс істейтін жастар арасында өткізіліп келді. Аталмыш зияткерлік ойынының жалпы ұзақтығы 45-50 минут аралығын қамтиды. Ойынға қатысатын әрбір командада 4 ойыншыдан болуы шарт. Олар  төрт кезеңнен тұратын түрлі тапсырмаларды орындайды. 

Жалпы бұл ойын 20 сәуірде басталды. Сол күні білім саласында еңбек етіп жүрген жастардан құралған бес команда қатысып «Тобыл ойшылы» деп аталатын білім-инновациялық лицейінің командасы ақтық мәреге жолдама алды. Одан кейін денсаулық сақтау саласында «Астра» Әулиекөл аудандық ауруханасының командасы, Құқық қорғау саласында 161/2 түзету мекемесінің қызметкерлерінен құралған «Великолепная четверка»  командасы, мемлекеттік қызметкерлер арасынан облыстық білім басқармасының «Серьезные люди» командасы, кәсіпкерлер арасынан «Моя узбечка» командасы, банк қызметкерлері арасынан «Нұрбанк» АК командасы , спорт саласында №2 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің  «Футболисты #1» командасы, мәдениет саласында Меңдіқара мәдениет үйінің «Менің сүйікті командам» командасы, ал БАҚ саласында «Наш Костанай» командалары өз қатарларынан суырылып алға шықты. Осылайша бұл командалар ақтық мәреде жолығып, жеңімпазды анықтап отыр, - дейді Қостанай облысы Жастар ресурстық орталығының басшысы Абай Дүйсеков. 

«ASU- Intellect» зияткерлік ойынының миллионерлері 

Өз қатарларынан оза шауып, үздік нәтиже көрсеткен жастардың жолы ақтық мәреде тоғысты. Осылайша, «ASU Intellect» зияткерлік ойынының соңғы мәресінде сан қырлылығымен, білімнің нағыз ерекше үлгісін көрсеткен Әулиекөл аудандық ауруханасының дәрігерлерінен жасақталған «Астра» командасы жеңімпаз деп таңылып, 1 млн теңгемен марапатталды.

«ASU- Intellect» зияткерлік ойынының миллионерлері 
Өзгелердің жаңалығы