Астанада Сардар Валлабхай Пателдің өмірі туралы фотокөрме ашылды

1 Қараша 2022, 16:00
1236
Бөлісу:
Астанада Сардар Валлабхай Пателдің өмірі туралы фотокөрме ашылды

Қазақстандағы Үндістан елшілігі Бірлік фестивалінің аясында бірнеше іс-шара ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылдың 31 қазанында Бірлік күніне орай, Үндістан Елшілігінің Свами Вивекананда мәдени орталығы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Сардар Валлабхай Пателдің өмірі туралы фотокөрме және  Үндістанның әртүрлі штаттарының биі мен музыкасынан, сондай-ақ, қазақстандық әртістердің хинди және қазақ әндері орындауларынан тұратын Бірлік күніне арналған үлкен мерекелік концерт ұйымдастырды. 

Астанада Сардар Валлабхай Пателдің өмірі туралы фотокөрме ашылды

31 қазанда үнді ұлттық көшбасшы және мемлекет қайраткері Сардар Валлабхай Пателдің туған күні - Үндістанда Бірлік күні ретінде тойланады. Бірлік күнін мерекелеуді басқа елдерде де сол жерлердегі Үндістан елшіліктері ұйымдастырады. Бұл күні Үндістан халқы Үндістанды біртұтас және зайырлы ету үшін ант береді. Бірлік күнін мерекелеу үшін Үндістанда және шетелдерде басқа да бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылады.

Астанада Сардар Валлабхай Пателдің өмірі туралы фотокөрме ашылды

Сардар Пателдің ең үлкен үлесі - 1947 жылы тәуелсіздік алған кезде Үндістан одағының құрамына 565 князьдік мемлекеттерді сендіру және біріктіру болды. Сардар Пателдің күш-жігері Үндістанды әртүрлі діндер, мәдениеттер мен тілдері бар өте мықты елге айналдырды. Сардар Пател 1947 жылдың 15 тамызынан 1950 жылдың 15 желтоқсанына дейін Үндістан премьер-министрінің бірінші орынбасары болды. Ол тек саясаткер, белсенді және бостандық күрескері ғана емес, сонымен қатар білімді адвокат болды. Сардар Пател сонымен қатар Үндістанның Темір Адамы ретінде танымал, ол Тәуелсіздік кезінде Үндістанның әртүрлі княздік мемлекеттерін бір елге біріктіруге үлкен күш жұмсады. Үндістанды біріктіруге қосқан үлесін мойындай отырып, Үндістан үкіметі оның туған күнін 31 қазанды 2014 жылдан бастап Ұлттық Бірлік күні ретінде атап өтуді жариялады.

Астанада Сардар Валлабхай Пателдің өмірі туралы фотокөрме ашылды
Өзгелердің жаңалығы