Астана қаласының Алматы ауданындағы Б. Момышұлы даңғылында салынып бітпеген үш қабатты тұрғын емес үйдің шатыры өртенді.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде ғимараттың 280 шаршы метр аумақтағы шатыры жанып жатқаны анықталды. Құтқарушылар бірден өртті сөндіруге кірісті.
Өртті сөндіру барысында жалынды толық ауыздықтап, оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылданды.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.