Астанада қыздар арасында конкурдан жарыс өтеді

7 Наурыз 2023, 08:07
838
Бөлісу:
Астанада қыздар арасында конкурдан жарыс өтеді
Фото: gov.kz

Елордада 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай конкурдан қыздар арасында ашық біріншілік өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана, Қарағанды, Алматы, Ақмола облыстарынан келген шабандоздар 8 наурызда «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде үздіктерді анықтайды.

Байқауға қатысушылар биіктігі мен күрделілігі бойынша 4 бағытта жарысады:

Бірінші санат – «Әуесқойлар санаты, 105 см»;

Екінші санат – «Балалар санаты 12-15 жас, 110 см»;

Үшінші санат – «Ашық сынып санаты, 120 см»;

Төртінші санат – «Екі кезеңнен тұратын ашық санаты, 120 см»

Жарыстың жалпы жүлде қоры 6 000 000 теңге.

Іс-шара қала әкімдігі қолдауымен және Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.

Өзгелердің жаңалығы