Астанада құрылыста кран құлап, жұмысшы қаза тапты

28 Тамыз 2026, 20:48
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 28 Тамыз 2026, 20:48
28 Тамыз 2026, 20:48
94
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Астанада құрылыс жүріп жатқан жерде кран құлап, жұмысшы көз жұмды.

ТЖД мәліметінше, 27 тамызда Астанада құрылыс жұмыстары кезінде құрылыс краны құлады. Оқиға салдарынан кран жүргізушісі қаза тапты.

«Ер адам ауыр жарақаттанып, қаза тапты. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы оның қайтыс болғанын растады», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен барлық мән-жайларын анықтауда. 

Еске салайық, бұған дейін жыл басынан бері Қазақстанда өндірісте 476 адам ауыр жарақат алғаны хабарланды

Тағы оқи отырыңыз:

Жезқазғанда кәріз құдығын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты

Семейде құрылыс алаңында жұмысшы қолынан айырылды

Алты жұмысшының қазасы: Павлодар облысында үш күдікті ұсталды

Наверх