Астанада қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты басталды

17 Маусым 2023, 03:23
660
Бөлісу:
Астанада қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты басталды
Фото: Артём Чурсинов

Астана қаласында қоян-қолтық ұрыстан VII әлем чемпионатының I-кезеңі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлем чемпионатына 28 елден (Әзірбайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Гана, Германия, Үндістан, Иордания, Иран, Қырғызстан, Румыния, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Венесуэла, Қытай, Колумбия, Италия, Испания, Перу, АҚШ, Сенегал, Тайланд, Чехия, Польша, Молдова, Моңғолия, Қазақстан) 300-ге жуық спортшы қатысуда.

Чемпионат «Жекпе-жек» (8 ерлер, 6 әйелдер және 2 абсолютті салмақ категориялары) және «Өзін-өзі қорғау» (11 ерлер, 5 әйелдер салмақ категориялары) түрлері бойынша өтіп жатыр. Дүбірлі дода 18 маусымға дейін жалғасады.

Айта кетейік, 18 маусым күні Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында әлем чемпионатының ашылуы мен финалдық кезеңдері өтеді.

Өзгелердің жаңалығы