Астанада қосалқы электр станциялары жаңғыртылып, қайта салынады

4 Қыркүйек 2023, 11:20
589
Бөлісу:
Астанада қосалқы электр станциялары жаңғыртылып, қайта салынады
Фото: Instagram парақшасынан

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қосалқы электр станциялары туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаладағы жайлы өмір инженерлік желілердің жұмысымен тікелей байланысты. Қаланың кеңейіп, тұрғындар санының өсуін ескерер болсақ, коммуникацияларға түсетін күш артып келеді. Барлық желі бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. «Астана – АЭК» АҚ-ға арнайы барып, қаламызды электрмен жабдықтаудың қазіргі және перспективалы схемасы мәселелерін энергетиктермен бірлесе талқыладық, - дейді қала әкімі.

 Сондай-ақ ол, 2023-2024 жж. жылыту маусымына дайындық аясында 110 кВ әуе желілеріне, 10 кВ әуе желілеріне күрделі жөндеу жүргізіліп, кернеуі 20-10 кВ тарату трансформаторлық қосалқы станцияларын күрделі жөндеу жұмысы аяқталуға жақын екенін айтты.

Астанада қосалқы электр станциялары жаңғыртылып, қайта салынады

Бұдан бөлек, «Мыңжылдық» аллеясы ауданындағы жаңа нысандарды электрмен жабдықтауға қосу үшін 40 МВА трансформаторларын 80 МВА-ға ауыстырып, «Жұлдыз» 110/10 кВ қосалқы станциясын қайта құру жұмысын жүргіземіз.

Теміржолшылар елді мекенінің тұтынушыларын қаланың электр желісіне қайта қосу үшін жаңа «Қазбек» 110 кВ қосалқы станциясының құрылысы басталды.Сол сияқты кездесуде өзге де түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды, – деп жазады  қала әкімі Жеңіс Қасымбек.

Астанада қосалқы электр станциялары жаңғыртылып, қайта салынады
Өзгелердің жаңалығы