Астанада Қорғалжын тас жолының бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Жөндеу жұмыстары 8 тамызда басталып, 10 қыркүйекке дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

 ©BAQ.KZ/Арман Мухатов 8 Тамыз 2026, 13:47
8 Тамыз 2026, 13:47
162
Фото: ©BAQ.KZ/Арман Мухатов

Астанада Қорғалжын тас жолында жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары басталады. Осыған байланысты 8 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында «Рубеж» бекетінен №128 көшеге дейінгі учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аталған учаскеде уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс сызбасындағы өзгерістерді ескеруге кеңес беріледі.

Сондай-ақ қала тұрғындарына кептелістер мен қолайсыздықтарды болдырмау үшін мүмкіндігінше балама бағыттарды пайдаланған жөн.

Наверх