Астанада Қазақстан тау-кен конгресі өтеді

2 Ақпан 2024, 21:47
71
Бөлісу:
Астанада Қазақстан тау-кен конгресі өтеді

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен 2024 жылдың 15-16 мамырда Астанада "Қазақстанның тау-кен конгресі" 2-ші халықаралық конгресі және көрмесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Конгреске Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің, соның ішінде Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанның тау-кен өндіруші саласының 150-ден астам көшбасшы компаниялары қатысады. 

Конгресс тәжірибе алмасу, инвестициялық жобаларды, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібін жаңғырту мен дамыту мүмкіндіктерін талқылау алаңына айналады. 

Конгреске  жетекші тау-кен өндіруші компаниялардың 150-ден астам басшылары, инвестициялық жобалардың ынтагерлері, жабдықтарды әзірлеушілер және халықаралық инвесторлар қатысады.

Сондай ақ конгресте тау-кен байыту комбинаттарын салу, жаңғырту, қуаттарды кеңейту және жаңа кен орындарын игеру сияқты 20-дан астам ірі инвестициялық жобаларды талқылау, кәсіпорындардың кадрлық әлеуетін басқару стратегияларын әзірлеу,  саладағы жетекші компаниялардың жоғары технологиялық шешімдерінің таныстырылымы өтеді.

Өзгелердің жаңалығы