Астанада қар тазалау жұмысына 2,4 мыңнан астам жол жұмысшы жұмылдырылды

12 Ақпан 2024, 18:10
350
Бөлісу:
Астанада қар тазалау жұмысына 2,4 мыңнан астам жол жұмысшы жұмылдырылды
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Елорданың коммуналдық қызметі тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жолдарды, тротуарларды, гүлзарлар мен алаңдарды тазалауға күн сайын 2,5 мыңға жуық жұмысшы мен 2 мыңға жуық техника жұмылдырылады.

Астанада қар тазалау жұмысына 2,4 мыңнан астам жол жұмысшы жұмылдырылды

12 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмысына 2,4 мыңнан астам жол жұмысшы және 1,5 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Астанада қар тазалау жұмысына 2,4 мыңнан астам жол жұмысшы жұмылдырылды

11 ақпаннан 12 ақпанға қараған түні елордадан 34 мың текше метр қар шығарылды, бұл шамамен 2,5 мың ауыр жүк көлеміне тең.

Астанада қар тазалау жұмысына 2,4 мыңнан астам жол жұмысшы жұмылдырылды

Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 320 мыңға жуық рейспен 4,3 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы